«Жастар жылындағы» шара жалғасын тапты

70242773_387902792137430_1953640671441059840_n.jpg

«Жастар жылы» аясында Түркістан облысында жастарды кәсіпкерлікке оқыту, олардың жобаларын қаржыландыру шарасы жүріп жатыр. Бұған дейін бірнеше ауданда жас кәсіпкерлерге сертификаттар табыс етіліп еді. Енді міне, бұл шараға Келес ауданы да белсене араласып отыр. 

Келесі ауданы әкімді баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсы аясында «Жас кәсіпкер» жобасының 50-ге жуық қатысушысына аудан әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев арнайы сертификаттарды табыстады. Қатысушылардың ең басты артықшылықтары – олар әлі жас, күші көп жасампаз жандар. Олар білуге құмар және ізденімпаз. Өздерін-өздері жетілдіруге дайын. Алған білімдерін тәжірибеде қолдануды жөн санайды. 1 айға созылған оқу барысында жас кәсіпкер мектебінің тыңдаушылары бизнес жүргізудің заңдық, экономикалық және әлеуметтік қырларын, сондай-ақ маркетинг пен менеджментті оқып, бизнес-жоспар құруды үйренді Кәсіпкерлер палатасының оқытушы бизнес тренерлерінің пікірінше, аталған курс кәсіпкерлік негіздерін танып, түсінуге көмектескен. Тыңдаушылар әзірлеген болашақ жоспарларын таныстырып, болашақ жобаларын қорғады. Бір айта кетерлігі, жобалар ауылшаруашылығы салаларын, әсіресе мал шаруашылығы саласын кеңінен қамтыған.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды