«Түркібасы әулие» туристер көп келетін орынға айналды

 

 71167708_1101699770220314_1850085973392621568_o.jpg

Түлкібас ауданында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында әулиелі, киелі жән туристік орындарда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кесенелер қайта жаңғыртылуда. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аталған ауданға жасаған сапары барысында осындай орындардың бірінде болды.

-Өңір басшысы жұмыс сапары барысында Азаттық ауылында орналасқан «Түркібасы» әулиесінің абаттандыру жұмысымен танысты,-деп хабарлады Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.  Түркістан облысының «Киелі жерлер географиясына» енген бұл нысан 2018 жылы аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында толығымен жөнделіп, аумағы абаттандырылды. Атылмыш киелі нысан бүгінгі таңда зиарат етуші туристердің көптеп келетін орнына айналып отыр.

Сондай-ақ, бүгінгі Түлкібас ауданына сапары барысында облыс әкімі аудан орталығындағы «Тұңғыш Президент» саябағында орналасқан «Жастар алеясының» құрылыс жұмыстарымен де танысты. Жастар жылына орай соғылып жатқан бұл нысанның құрылыс жұмыстары бүгінгі таңда 80 пайызға жетіп отыр. Нысан ағымдағы жылдың желтоқсан айында ел игілігіне пайдалануға берілмек.

 




Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды