Жолға жауапты басшылар есеп берді

70014253_369145034019263_6607799385235390464_n.jpg

 

Жетісай аудан бойынша жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 2 миллион теңгеге стандартқа сай жасанды жол кедергілері мен жол бергілері орнатылған. Оған қоса, жергілікті бюджеттен қосымша 2 миллион теңге бөлініп, стандартқа сай 109 жол белгісін орнату жұмыстары жүргізілуде. Мұндай мәліметтерді Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз бөлімінде Жетісай ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нүркен Әлмеш жергілікті БАҚ алдында 8 айда атқарылған жұмыстары бойынша берген есебінде айтты.

Бөлім басшысының айтуы бойынша жалпы аудан бойынша 17 (Жетісай қаласы 9, Асықата кенті 8) көшеге ағымдағы  жол жөндеу жұмыстарын жүргузіге бюджеттен 5 миллион теңге бөлініп, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қосымша айта кететін болсақ Жетісай ауданы бойынша орта жөндеуден өткізуге аудандық маңызы бар 5 жолдың және 192 ішкі көшенің сметалық құжаттамалары жасақталған, жалпы құны 2 миллиард 846 миллион 344 мың теңгені құрайды. Оған қоса, аудан бойынша ұзындығы 141 шақырымды құрайтын 291топырақ көшеге ағымдағы жөндеу (тас төсеу) жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық құжаттамалары жасалынып, жалпы құны 872 миллион теңгені құраған.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды