Түркістан облысында жыл соңына дейін 50 тұрғын үй тапсырылады


 5d71e4f993e66.jpeg

Түркістан облысында ағымдағы жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 231 мың шаршы метрді құрайтын 3 413 пәтерлі 64 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.  Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл жыл соңына дейін 177,6 мың шаршы метрлік 2 613 пәтерлі 50 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Біз бірінші кезекте халықтың аз қамтылған бөлігін баспанамен қамтамасыз етуді жылдамдатуымыз керек. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев  Президент Жолдауын іске асыруға арналған облыс актив жиынында мәлімдеді.

Ағымдағы жылы Түркістан облысы үшін тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 550,6 мың шаршы метр, ал құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 102% болып белгіленді.

2019 жылы қаңтар-шілде айының қорытындысымен Түркістан облысы бойынша барлығы 2950 пәтер тапсырылды, оның ішінде: 136 пәтер -қызметтік тұрғын үй, 840 пәтер - арендалық тұрғын үй РБ(56,5 мың ш.м.); 41 пәтер - арендалық тұрғын үй, 1933 пәтер - жеке тұрғын үй құрылысы.

 



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды