Бәйдібек
ауданы мектептерінің мұғалімдері салауатты бала оқытумен ғана емес,
салауатты өмір салтын ұстануларымен де көпке үлгі. Балаларды білім
нәрімен сәрімен сусындатқан ұстаздар қауымы облыста да үздік атанды. Бұл
туралы аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұрдос Дүйсебаев хабарлады.
Жақында
Сайрам ауданында Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасына
қарасты білім бөлімдерінің мектептері арасында облыстық мұғалімдер
спартакиадасы ұйымдастырылып өткізілді. Аталған облыстық жарыста
мұғалімдер спорттың волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, арқан тарту,
футзал, баскетбол түрлерінен бақ сынасты.
Мұғалімдер спартакиадасына
Бәйдібек ауданынан С.Әбдіжаппаров, М.Әуезов, Бөген, С.Ерубаев, Есіркеп
батыр, Жамбыл, Жиенқұм, Ө.Жолдасбеков, Қайнар, Майбұлақ, О.Тайманов,
Ш.Уалиханов, Шаян, Қаратау, Сарыбұлақ, Теректі, Жаңаталап негізгі орта
мектептерінен жасақталған құрама команда қатысты.
Облыстық
спартакиаданың қорытынды есебі бойынша, бәйдібектік ұстаздар Сайрам
ауданының мұғалімдерінен жасақталған командаға ғана жол беріп,
жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Үшінші орын Арыс қаласының
ағартушыларына бұйырды.
Көш бастаған үздік үштік Түркістан облысы
Адами әлеуетті дамыту басқармасының және Түркістан облысының әдістемелік
орталығының мадақтама қағаздары мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бәйдібек ауданының мұғалімдері спортта да үздік!
Жарнама орны (6) |