Созақ бюджетінің кірісі артығымен орындалуда

Созақ ауданында жыл басынан бергі жеті айдың ішінде жергілікті бюджетке 3 миллиард теңгеден астам түсті. Бұл туралы Созақ ауданы әкімінің орынбасары Бекзат Әлмағанбеттің аудандық мәслихаттың кезекті 45-інші сессиясында есепті баяндамасында айтылды. Бекзат Тайұлының сөзіне сүйенсек, жоспарланған кіріс болжанған қаржыдан асып, өткен жылдың жеті айының қорытынды есебімен салыстырғанда артығымен орындалған.
– Бюджеттің қаржысы контингент бойынша 5 млрд. 451 млн. 984 мың теңгені құрап, жоспар жеті айда 98,2 пайызға орындалды. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 100,3 пайызға артық. Қаржылай есептегенде 17 млн. 367 мың теңгеге артып отыр. Оның ішінде жергілікті бюджетке 3 млрд. 637 млн. 329 мың теңге қаржы түсті. Осылай ауданның кіріс жоспары 101 пайызға артығымен орындалды. Есепті кезеңде бюджеттің шығыс бөлігі 9 млрд. 892 млн. 095 мың теңгені құрап, 100 пайызға игерілді, – деді аудан әкімінің орынбасары.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды