Созақта жылдық жоспардың 82 пайызы 7 айда жүзеге асты


Созақ ауданында Кешенді жоспарды іске асыру мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты бойынша «халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» шеңберінде ағымдағы жылдың 7 айында 684 жаңа жұмыс орны ашылған. Аудан әкімін Салыхан Полатовтың айтуынша, бұл – 2019 жылға жоспарланған ашылуы тиіс жұмыс орындарының 82,6 пайызы.
– Аудан бойынша Кешенді жоспарды іске асыру мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты бойынша «халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» шеңберінде 2019 жылға 828 жалпы жаңа жұмыс орындары ашылу жоспарланса, ағымдағы жылдың 7 айында 684 жаңа жұмыс орны ашылып, жылдық жоспар 82,6 пайызға орындалды, – дейді Салыхан Сабырханұлы.
Аудан әкімі келтірген мәліметтерге сүйенсек, Созақта халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 2019 жылы жаңа жұмыс орындарына 26 адам жолдау жоспарланса, есепті мерзімде 92 адам жұмысқа жолданған. Сол сияқты әлеуметтік жұмыс орындарына 100 адамды қамту жоспарланса, 7 айдың қорытындысымен 124 адам қамтылған. Ал жастар практикасымен 130 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, 7 айдың қорытындысымен 115 жас мамандар жастар практикасына мамандықтарына сәйкес жолданыпты.
Қоғамдық жұмыс орындарына 400 адамды жолдау жоспарланса, 7 айдың қорытындысымен 399 адам әктеу-сырлау, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына жолданды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды