Кәсібі – өнеге!

Бәйдібек ауданының Жамбыл ауылдық округіне қарасты Тасқұдық ауылында «Төлебай-Баба» шаруа қожалығында орнатылған күннен қуат алатын батереялар тұрғын үйді және бордақылауға арналған қораларды, жем-шөп дайындайтын алаңдарды электр энергиясымен қамтиды. Мұндай қосымша су ұңғымасы да жұмыс істейді.
Уақытында «Жамбыл-ата» ұжымы тараған соң, өз күшімен ата кәсіпті қолға алған Зәуіртай Көлбаев 2009 жылы «Төлебай-Баба» шаруашылығын ашып, кәсібін бастаған. Сол уақыттан бері ауылшаруашылық саласында ісін дөңгелетіп келеді.
«Туған жерге туыңды тік» деген ұранды ұстанып, туған жерінде атқарған еңбегінің жемісін көріп отырған Көлбаевтар отбасының шаруа қожалығы иелігінде 320 га жайылым жері мен төрт-түлікке арналған қора-жайлары заманауи үлгіде салынған.
– Шаруашылықпен айналысу оңай шаруа емес, бірақ сонда да алға қойған бірнеше мақсатымыз бар. Мал сою бекеті мен мал тоғыту әуітін салып, жақын маңда орналасқан шаруа қожалықтарға қызмет көрсету арқылы кәсібіміздің ауқымын кеңейтпекпіз, – дейді қожалық иесі.
Бордақылау кезінде жылқы, сиыр, уақ малдан, жалпы ет өнімімен жергілікті ауыл тұрғындарын қамтамасыз етіп, көпшіліктің көңілінен шығып отырған кәсіпкер өз ісін одан әрі жандандыруда.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды