78 отбасының 50-іне әлеуметтік көмек тағайындалды


Көктерек елді мекенінде тұрмысы төмен отбасылар арналған дүкен жұмыс істейді. Ауылдық округ әкімдігінің жанынан ашылған «Көктерек» әлеуметтік дүкенінде аз қамтылған отбасылар үшін барлығы тегін беріледі.
– Мемлекеттік бағдарламаларды орындауда, ауыл азаматтарының жекелеген санаттарын қолдау мақсатында бірқатар жұмыс атқарылды. Оның бастысы - аса мұқтаж көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету. Бүгінде табысы төмен, көпбалалы аналар мен аз қамтамасыз етілген отбасылардың тұрмыстық дейгейінің сапа-сын арттыруға округ бойынша 78 отбасының құжаты тиісті мекемеге жолданып, 50-ге жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, – дейді Көктерек ауылдық округінің әкімі Нұрлан Бекжігітов.
Сонымен қатар, тұрмысы төмен жанұяларға демеу болуды көздеген ауыл кәсіпкерлері мен азаматтары игі бастаманы қолға алып, барымен бөлісіп, керекті тұрмыстық заттар мен киім-кешек, ыдыс-аяқ, балалар ойыншықтарын «Көктерек» әлеуметтік дүкеніне өткізіп жатыр.
Аталған әлеуметтік қаражатын алған азаматтар Үкіметке алғысын білдіріп, балалардың керек-жарағына жаратып, қаржылай қолдаудың арқасында азын-аулақ мал алған отбасылар да бар.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды