Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев Бәйдібек
ауданына жасаған сапарында шаруалармен келелі кеңес өткізді. Аудан
әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ұйымдастырылған басқосуда ауыл
шаруашылығы саласындағы түрлі жобаларына мемлекет тарапынан жасалып
жатқан қолдаулар мен қажыландырулар мәселелері талқыланды.
Жиынға
облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының
басшысы Иса Құдабеков, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Нұрбек Бадырақов, сонымен бірге облыстық «Атамекен» ұлттық кіспкерлер
палатасы, «Аграрлық несие корпорациясы», «ҚазАгроҚаржы» акционерлік
қоғамы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Оңтүстік» аймақтық
инвестициялық орталығы, «Ырыс» микроқаржылық ұйымы басшылары мен осы
саланың жауапты мамандары, аудан орталығынан тиісті сала басшылары,
агроқұрылым иелері және ауылдық округтің әкімдері қатысты.
Облыс
әкімінің орынбасары Мейіржан Иябайұлы қатысушылар алдында «Қарапайым
заттар экономикасы» аясында мемлекет тарапынан бөлінген несие, берілетін
субсидиялар және аудандағы жобаларды іске асырып жатқан, асырғысы
келген шаруаларға қатысты біраз жайды ортаға салды. Көпшілік тарапынан
қойылған сұрақтарға жауап берді.
Жиынды аудан әкімі Бақытбек Танагөзов қорытты.
Облыс әкімінің орынбасары келелі кеңес өткізді
Жарнама орны (6) |