Жуырда аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен орталық стадионда спорт күні аталып өтті. Мерекелік шара егеменді еліміздің келешегі – жас ұрпағымыздың, халқымыздың саламатты өмір салтын қалыптастыруға, белсенділігін арттыруға бағытталды. Жиылған жұртты «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков, аудандық мәслихаттың бас маманы Бағлан Нұралыұлы мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ағабек Атемов спорт күнімен құттықтады.
Жарыстарда жүлделі орындардан көрінген жас спортшылар мен спортқа үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерге аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың, «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы және аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің «Алғыс хаттарын» табыс етілді.
Сонымен қатар, ауданның спорт саласында талай жыл еңбек еткен ардагер Оңлабек Омаров аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
Ауданға еңбегі сіңген спортшылар марапатталды
Жарнама орны (6) |