Созақта «Nur Otan» партиясының бақылау комиссиясы отырысын өткізді


«Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, тиісті бөлімдер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Айтбаев, аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Н.Айдаров, аудан әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Қ.Сұлтанғазиев есеп берді.
Комиссия төрағасы Б.Тұрғанбаев аудандағы колледждердің потенциалын кеңінен пайдалануды ұсынса, ҰБТ қорытындысы туралы, комиссия мүшесі Г.Әлімбекова атаулы әлеуметтік көмекті тиімді пайдалану бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарына басымдық беру, мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуын талаптарға сәйкестендіру қатеттігін айтты. Ә.Сөлтеков бірқатар саладағы мамандардың тапшылығын, І.Омарбеков білім беру ұйымдарын робототехникалармен қамту, бөлім тарапынан зерделеу, бақылау, тексеру жұмыстарының объективтілігін жеткізді. Т.Әбуов педагогтарды іссапараларға жіберу, Ж.Төлепбергенұлы жас мамандарды ауылшаруашылығы саласында тұрақты жұмыспен қамту, тағы да басқа мәселелерді көтеріп, тиісті жауаптар алды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды