27-28
шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында грепплингтен «ASIA OPEN» Халықаралық
жарысы өтті. Айтулы жарысқа әлемнің 6 елінен Ресей, Үндістан,
Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан елінен 600 тарта спортшы
қатысты. Байрақты бәсекеде облыс, аудан намысын қорғаған Мыңжасар
Алпамыс, Болат Жолшыбеков, Ұласар Мұқаш, Абзал Саттар тұғыр бигінен
көрініп, жарыстың жүлдегері мен жеңімпаздары атанды.
«ASIA OPEN»
турнирі 84 келі салмақта күрескен Мыңжасар Алпамыс грепплинг гиден
чемпион атанса, грепплингтен 2 орын еншіледі. Ұласар Мұқаш грепплингтен 2
орын, грепплинг гиден 3 орын алды. Сондай-ақ, Болат Жолшыбеков 71 келі
салмақта грепплингтен чемпион атанды. Сол секілді, Абзал Саттар 58
келіде қарсылас шақ келтірмей грепплингтен жеңімпаз болды. Спортшыларды
байрақты бәсекеге баптап, қамау терін алған грепплингтен аудандағы
алғашқы жаттықтырушы Қуандық Ерғараевтың ерен еңбегін атап өтпеске
болмас.
– Жарыстың деңгейі биік болды. Қарсыластың бәрі, сен тұр, мен
атайын мықтылар. Ақпан айында ҚР чемпионатынан соң, жаттығуда үзбей
жарысқа тыңғылықты дайындалдық. Ауырту әдісін қолданатын грепплинг
қауіпті спорт. Мұнда физкалық дайындықпен қатар, шеберлік, шыдамдылық
секілді қасиеттеріңді дамытып барып, кілемге шықпасаң, нәтиже көресетуің
қиын. Тілеулес болған, барша жанкүйерлерге алғысымыз шексіз, – дейді
чемпион атанып, жарыс биігінен көрінген Болат Жолшыбеков.
Жалпы,
Қазақстан грэпплинг қауымдастығының қолдауымен осымен екінші рет
ұйымдастырылып отырған жарыс ашық форматта өтті. Балалар, жасөспірімдер,
ересектер мен ардагерлер барлығы 6 салмақ дәрежесі бойынша күресті.
Халықаралық турнирдің жеңімпаздары арнайы медальдармен марапатталады.
Созақ балуандар халықаралық турнир жеңімпаздары атанды
Жарнама орны (6) |