Кішкентай Серікболсынның үлкен ерлігі


Созақ ауданының әкімі Салыхан Полатов Арыстағы балаларға 54 мың 360 теңгесін көмек ретінде берген Серікболсын Аманбайұлын қабылдап, алғыс білдірді. Өзі кішкене болса да, үлкен жүректі балаға әкім велосипед тарту етті.
Серікболсын Созақ ауданы, Таукент кентіндегі Сүгір Әліұлы атындағы мектептің 5 сынып оқушысы. Ол жыл сайын ұсақ теңгелер жинап, жазғы каникулда Шымкент қаласына қыдыратын және өзіне қажетті заттарын сатып алатын.
 Арыс қаласындағы жағдайға бей-жай қарамай, биылғы жиған 6,5 келі тиындардан құралған 54 мың 360 теңгесін арыстық балаларға жіберу үшін Таукент кенті әкімшілігіне өткізген.
  – Серікболсындай жас өркеннің көпшілікке үлгі болар ісі көкейге қуаныш ұялатты. Егеменді еліміздің болашағы болар жас толқынға деген сенім осы игі іс арқылы бұрынғысынан нығая түсті деп санаймын, – деген аудан әкімі Серікболсын үлкен жүректі ісін өнеге етіп, оның ата-анасына ризашылығын жеткізді.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды