Ауыл жастарына кітап сыйлады

09.08.jpg

Созақ ауданының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен Жуантөбе ауылдық жастар ісі жөніндегі әдіскері Ф.Сәндібековамен және елді мекен жастарымен 16 тамыз Созақ ауданының жастары күніне орай "Тәуелсіздік тірегі-білімді жастар" атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – Жастар жылын лайықты түрде атап өту, жастардың қоғамдағы рөлін арттыру, ізденімпаздық қасиетін арттыру, жастар арасында достықты нығайту, бірлікті қалыптастыру.
Дөңгелек үстел барысында ауыл жастары да Жастар күніне өз құттықтауларын, өлең, жүректен шыққан жыр жолдарын жолдады. Жастар Жастар күні мерекеміне орай арнайы өздері жасаған қолөнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды. Шебер қолдардан шыққан заттардың тамашалаушылар да назарын еріксіз аударатыны сөзсіз.
Дөңгелек үстел басқосуының соңы ұлттық ойындарға ұласты. Жастар екі топқа бөлініп, бірі қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ ойнаса, екіншілері шахмат ойнаудан жарысты. Барлық ойынға қатысушыларға "Кітаптан артық сыйлық жоқ" -деген ниетпен кітап сыйға тартылды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды