Созақ диқандары қауын-қарбыздарын Ресейге экспорттайды

Созақ ауданындағы 3 шаруа қожалығы бірігіп, биыл 600 тоннадан астам бау-бақша өнімдерін экспортқа шығармақшы. Созақ ауылы округінің әкімі Батырхан Аяповтың айтуынша, бұлардың қатарына келесі жылы тағы 3 шаруа қожалық қосылмақшы. Солай шаруалар қысы қатал Теріскейде тек мал шаруашылығымен ғана айналысуға болады деген ұғымды өзгертпек.


Созақ ауданының бағбандары былтыр қауын қарбыз егіп, экспортқа шығарған болатын. Бұл істі биыл да қолға алып, шаруалар қауын-қарбызды шетелге, еліміздің солтүстік өңірлеріне саудалауды қолға алды.

Жер емген диқандар биыл жалпы 107 гектар аумаққа бақша өнімдерін отырғызды. Оның 40 гектарына қауын егілсе, 66 гектардан астам жерге қарбыз көшеті отырғызылған. Ал өткен жылы бір ғана серіктестік 10 гектар жерінен 250 тонна өнім алып, оны азғантай көлемде шетелге жіберді. «Тапқан табыс та көл-көсір болған еді» дейді шаруалар.

Қарбызды экспортқа шығарған шарудар жақсы табысқа ие болған. Негізінен Ресейге апарады. Жергілікті тұрғындардан да сұраныс көп. Қазақстанның ішіне, солтүстік өңірлерге барып жатыр.




Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды