Түркістан облысында жүк көліктеріне тексеріс жүргізілуде


«Түркістан облысының көліктік бақылау инспекциясы мен Түркістан облысының Полиция департаменті, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен облыс аумағындағы жолдарға тұрақты түрде рейдтік шаралар жүргізілуде. Іс-шара барысында 1157 әкімшілік құқықбұзушылық іс қозғалды, нәтижесінде 24 миллион 891 мың теңге сомасында айыппұл салынып, оның 22 миллион 956 мың теңгесі өндірілген»,-делінген хабарламада.

Рейдтік іс-шаралардың басым көпшілігі Төрткөл-Арыс бағытында инертті материалдарды (құм, тас, құмды шағал тас және т.б.) тасымалдаумен және Бадам-Сарыағаш бағытындағы жолдарда жеміс-жидек тасымалымен айналысатын транзиттік көліктерге қатысты жүргізілуде. Сондай-ақ, жүк көліктердің оське түсіретін салмағын ретке келтіру үшін облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды