Сайрамда бар сансыз баб

Screenshot_12.jpg

Сайрам ауданында 8 туристік нысан оналасқан. Оның алтауы қонақүй, «Манкент»  шипажайы және жекеменшіктегі сауықтыру орталығы. Сондай-ақ ауданда «Сиқым баба» мен «Жаныс баба» мавзолейі бар. Туристік бағыттарға «Манкет шипажайы»,  «Сиқым баба»  және «Жаныс баба» кесенелері енгізіліп отыр. Туристік маршруттардың бойына инфрақұрылым жетілдіру мақсатында Сайрам ауданы бойынша «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында 11 қызмет көрсету нысаны бар. 

Мамандардың айтуынша ағымдағы жылы туризм саласын екі бағытта дамыту жоспарланып отыр. Біріншісі сауықтыру туризмі. Аудан Шымкент қаласына жақын орналасқандықтан және «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі аудан орталығына жақын маңнан өтуіне байланысты емдік-сауықтыру туризмі жақсы дамып отыр. Осы жылы Ақсу ауылдық округіне қарасты «Ақсукент 2» ауылында 3  қабатты оңалту сауықтыру орталығын іске қосу жоспарланып отыр. Жобаның құны 500 млн теңге. 

Екіншісі мәдени тарихи ескерткіштер.  Халық арасында «Сайрамда бар сансыз баб, бабтардың бабы Арыстан баб,  ең үлкені «Хален баб» деген тәмсіл кең тараған. Осыған орай 2017 жылы туристік маршрут дайындалып, оған жоғарыда аталған үш нысан енгізілген болатын. Қытай тарихнамасында «садағы мен семсері» қолынан түспеген қаһарман қолбасшы болған «Хален баб» және Көлкент ауылында орналасқан «Ханқорған төбесі» туристік марштур тізіміне енгізіп, оларды жан жақты дамыту насихаттау жұмыстары жүргізілуде.  



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды