Арыстықтар анимациялық фильмдерді тамашалады

Screenshot_3.jpg

Арыс қаласындағы уақытша лагерьде тұрып жатқан тұрғындарға Түркістан облысы Мәдениет басқармасына қарасты «Оңтүстікфильм» мекемесі анимациялық фильмдер көрсетілімін ұйымдастырды.

 «Уақытша лагерьде (№1 жалпы орта мектеп) әзірге 200-ге жуық тұрғын бар,  оның 40-тайы балалар» – деді жоғарыда аталған мекеменің мамандары. Технология дамыған заманда көгілдір экран ең ықпалды тәрбие құралы. Кішкентай көрермендерге Түркістан облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша «САҚ» киностудиясы мен «Оңтүстікфильм» мекемесі бірлесіп түсірген «Күш атасы – Қажымұқан», «Ордабасы – бірлік туы», «Киелі Қазығұрт» анимациялық фильмдері көрсетілді. Аталған туындылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында таспаланды. Сценарий авторы және режиссері – Батырхан Дәуренбеков. Жыл басында бұл жобалар Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудан-қалаларында көрсетіліп, дискілері таратылған болатын.  «Күш атасы – Қажымұқан» туындысында намысты рухпен жанып, арын жанынан жоғары бағалап, жеңілісті өзіне өлім санаған бабаның бейнесі бала көңілін әрдайым биікте болуға жетелейді. Сол ұмтылысты күнделікті өмірде жасауға болатынын ашып көрсетеді. Ал, «Киелі Қазығұрт» - Нұқ пайғамбар кемесінің Қазығұртқа тоқтауы туралы аңызды баяндайды.

       Шара соңында бүлдіршіндерге тәттілер таратылды. Мұндай игі шара алдағы күндері де жалғасын табады деп жоспарлануда. 

Айта кетейік,  Сақ киностудиясы «Томпақ», «Қалқанқұлақ» сериалдарымен, «Қазақ елі», «Теке мен Қошқар» анимациялық фильмдерімен танымал. Бүгінге дейін киностудия 60-қа жуық анимациялық және 6 толықметражды фильм түсірген.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды