Түркістан тарихы фотографтардың көзімен

Screenshot_17.jpg   

 Түркістанның тарихымен фото арқылы танысуға болады. Мұндай мүмкіндікті Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы және аудан, қала әкімдіктері беріп отыр. Нақтырақ айтсақ Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай «Ұлы даланың Түркістаны» атты республикалық фотоэкспедиция басталды. Мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы міндеттерді орындау, өңірдің киелі және туристік орындарын насихаттау.

Ерекше экспедицияға «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы  бастаған фототілшілер қатысуда. Олардың арасында Балмұрат Орынбай, Оңғарбек Алхаров, Мерей Қайнарұлы, Айтжан Мурзанов, Қайрат Шалтақбаев және өзге де танымал фотографтар бар.

Сурет саласының майталмандары Түркістан, Кентау қалаларымен қатар, Созақ, Бәйдібек, Отырар, Сайрам, Төле би, Түлкібас және Қазығұрт ауданының киелі және туристік орындарын суретке түсіреді. Бір аптаға созылған экспедицияда түсірілген туындылар 17 маусымда Түркістан қаласында өтетін «Ұлы даланың Түркістаны» атты сурет көрмесінде ел назарына ұсынылмақ.

Айта кетейік, 2019 жылы 19 маусымда Елбасы, ҚР Тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан облысы құрылған болатын. Бұл ақжолтай жаңалықты қазақ халқы ғана емес, түркітілдес мемлекеттер де қуанышпен қабылдады. Осы бір жыл көлемінде Түркістанда ауқымды жұмыстар қолға алынды.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды