Қолөнер қайта жаңғырады

Screenshot_18.jpg

Ресми мәліметтерге қарағанда, 2018 жылы Түркістанға келген туристердің саны  152 124 адамды құрады, ал Түркістан қаласына «бір күндік келушілердің саны» - 1,5 миллион адамға жетіп отыр. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 15,2 пайызға артық. Көрсетілген қызмет көлемі 1,2 миллиард теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 23,3 пайыға  артық болып отыр.  Ол үшін туристер облысқа тек бір күнге емес, бірнеше күнге саяхаттауға келуі тиіс. Бұл бағытта қазіргі таңда экологиялық, тарихи-мәдени және танымдық бағытта 57 туристік маршрут әзірленген. 

-Соның бірі - Қасқасу туристік-рекреациялық кешені. Бұл жобаға республикалық бюджеттен 2020 – 2021 жылдарға 22 миллиард теңге қарастырылды. Жобаның бірінші кезеңінде жылына 45 000 – 110 000 туристер қабылдауға мүмкіндігі бар. Оның құрылыс барысында 1900 жұмыс орнымен және іске қосылғанда 400 тұрақты жұмыс орны ашылу жоспарлануда. «Зияратшылар орталығы» ғимаратын қайта құрылымдап оны «Ұлы Жібек – жолы» ұлттық қол өнер шеберлері орталығына» қайта жасақтау да ірі жобалардың қатарына жатады. Орталық дәстүрлі қолөнердің барлық түрлерін ұсынады: керамика, тоқыма, ағаш және былғарымен жұмыс, сондай-ақ зергерлік бұйымдар мен қола құю. Орталықта қолөнершілер үшін дуалды білім беру орталығы ашылады,-дейді облыс әкім Ө.Естайұлы. 

Аталған жобалар кезеңімен жүзеге асатын болады.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды