ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ БИЗНЕСТІ ТҮЛЕТУГЕ ҚАУҚАРЛЫ

Screenshot_3.jpg

Түркістан қаласында ауыл шаруашылығы саласы мен сауда саласы бүгінге дейін халықтың негізгі күнкөріс көзі болып саналып келді. Оған соңғы кезде туризм саласы қосылды. Енді облыс орталығында өндірістер дамып, индустрияландыру қарқын алмақ. Бұл мақсатқа жету үшін шаһарда индустриалды және арнайы экономикалық аймақтар құрылған.

Өз кезегінде былтыр күзде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. Осыған байланысты былтыр «TURKISTAN» АЭА» басқарушы компаниясын құру туралы Түркістан облыстық әкімдігінің қаулысы шыққан. Бүгінгі таңда АЭА 4 ауданға бөлінген. Олар тарихи орталық – 188 гектар, әкімшілік-іскерлік орталық – 1350 гектар және екі аумақтан құралған өндіріс аймағы – 400 гектар. Сонымен бірге, «Investor Нouse» құрылыс нысанын салу туралы шешім қабылданды. Онда «TURKISTAN» АЭА» басқарушы компаниясы АҚ, «Turkistan Invest» АҚ, «TURKISTAN» ИА» басқарушы компаниясы» ЖШС, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ аймақтық өкілдігі, «TURKISTAN» ӘКК» АҚ, «Сауда-логистикалық аймағы» басқарушы компаниясы» ЖШС, «Оңтүстік» АИО» ЖШС және «Ырыс» МҚҰ» ЖШС сынды мекемелер орналаспақ. Бұл ұйымдар «бір терезе» қағидасы бойынша инвесторларға қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, шаһардың тарихи және әкімшілік-іскерлік орталықтарында саяхатшыларды тасып, қаланың туристік келбетін аша түсу үшін «BYD Auto» қытайлық компаниясымен екі қабатты электроавтобустар сатып алу жөнінде келісімдер жасалмақ. Бүгінде 31 млрд. теңгеге 14 жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тарқатып айтқанда, 0,32 млрд. теңгеге әкімшілік-іскерлік орталығында «Корзинка» ЖШС-нің 1 жобасы, тарихи орталық аумағында 5 млрд. теңгеге «InnovationCentralAsia», «TuranBrand» ЖШС-тердің 4 жобасы және өндірістік аймақта «Alageum» АҚ, «АЗМК Туркестан», «StandartCement» жеке серіктестіктерінің жалпы құны 26 млрд. теңгеге бағаланған 11 жобаны жүзеге асыру мақсаты тұр.

Бұдан өзге «TURKISTAN» АЭА» басқарушы компаниясы қазіргі таңда Әкімшілік-іскерлік орталығы, тарихи орталық және өндіріс аймағының жер телімдерін ресімдеумен айналысуда. Және де республикалық, жергілікті бюджеттерден өндірістік аймақтың 365 гектар аумағына инфрақұрылым жүйелерін тарту үшін 10,4 млрд. теңге сомасында қаржы бөлдірді. Айта кету керек, инфрақұрылым жүргізу жұмыстары Түркістан облысын дамытудың кешенді жоспарына енгізілген.



Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды