"Өткен сенбіде Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Arnau: kinetic voice»
атты шоу 30 мыңнан астам көрермен жинаған. Димаштың концертін
тамашалауға 64 елден 10 мыңға жуық жанкүйер келген", - делінген
хабарламада.
Әнші кештің негізгі қонағы Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен «Қалжыраған
аққулардың сезімі» (Любовь уставших лебедей) әнін орындап, көпшіліктің
қошеметіне бөленді.
Естеріңізге сала кетейік, концерттің негізгі ұйымдастырушысы «Қазақстан» телерадиокорпорациясы.