Теріскейде тірлік тындырымды

Screenshot_11.jpg

Теріскейдің тірлігін бағамдап қайту үшін өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев Созақ ауданына аяқ басты. Әкім іс сапарын Шолаққорғандағы «Ғажап» шаруа қожалығынан бастады.  Мал бордақылаумен айналысатын қожалық 2004 жылы құрылған. Қазіргі таңда онда мүйізді ірі қара, жылқы, қой мен түйе малы өсірілуде. Тіпті таза қанды ағылшын тұқымдары да бапталуда. Қожалықтың меншігінде 200 гектар жайылым жер бар.  Облыс басшысы серіктестің жұмысына оң бағасын беріп, өңірге тән түйе шаруашылығын дамытып, шұбат өндіруді  ұсынды.  Серіктестің жұмысымен танысқан облыс басшысы өңірде түйе шаруашылығын дамытып, шұбат өнімін арттыру қажеттігін тапсырды. Бұл тұрғыда мемлекеттік қолдаудың да болатынын жеткізді.

Сондай-ақ, Өмірзақ Естайұлы аудандағы индустриалды аймақта болып, ондағы бірқатар өндіріс орындарын аралап көрді. Аудандағы индустриалды аймақта 4 жоба жүзеге асырылған. Жалпы жер көлемі 50 гектарды құрайды. Ондағы жобалардың бірі «UKO-S Star» металл құрастыру зауыты» ЖШС. Аталған мекеме 2017 жылы жұмысын бастаған. Техникалық майларға арналған темір бөшке шығарумен айналысатын жобаның жалпы құны 337 млн. теңгені құрайды. Кәсіпорын жылына 120 мың дана бөшке шығаруға қауқарлы. Онда 50-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

«Дархан-АС» өндірістік кооперативінің «Ас тұзын өңдеу зауыты» да индустриалды аймақтың аумағында жұмыс істеп келеді. Аталған зауыт 2015 жылы іске қосылған. Жобаның инвестициялық құны 210 млн. теңге. 3 гектар аумақта орналасқан мекеме жылына 9600 тонна ас тұзын өндіреді. Зауытта 14 адам жұмыс істейді. Орташа жалақы 50 мың теңге.

   Индустриялды аймақтағы оң тірліктерге көңілі толған  облыс әкімі жобаларды одан әрі жандандыра түсу керектігін тілге тиек етті. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды