Шардараның төрінде жарыс өтті

Screenshot_4.jpg

Шардара ауданындағы спорт кешенінде 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен Х спартакиада өтті. Аталмыш жарысқа облыстың барлық аудандарынан 160-қа жуық спортшы қатысып үздіктерін анықтады.

Түркістан облыстық балалар мен жасөспірімдер мектебі, Шардара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымтастырумен өткен жарыс биылғы «Жастар жылына» арналған болатын. Халықаралық дәрежедегі аға жаттықтырушы Олег Лигайдың айтуынша, жас спортшылардың деңгейі әр спартакиада сайын өсіп келеді. «Спорт – жастарды шыңдай түседі. Биыл ерекше жыл, яғни «Жастар жылы» болғандықтан жастарды тек өнер-білімге ғана баулымай, спортпен еркін айналысуға да жағдай жасауымыз керек »,- дейді О.Лигай. 

Сайыста боз кілем иелері шардаралықтардың жақсы дайындықпен келгені байқалды.  Дегенмен, жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте Шардаралықтар үшінші орынды қанағат тұтты. Ал, екінші орынды Мақтаарал ауданы иеленсе, бірінші орын тұғырына  Төлеби ауданының спортшылар көтерілді. Спартакиадаға қатысып жүлделі орындарға ие болған барлық жас спортшыларға бағалы сыйлықтар мен медальдар табысталды. 


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды