Төлебиліктер көгілдір отынның рахатын көруде

Screenshot_23.jpg     

Төлеби ауданының  аудан әкімі Бауыржан Омарбеков таяуда журналистерге ұйымдастырылған пресс-турда  аудандағы жетістіктерге тоқталды. Аудан басшысының айтуынша   бүгінде өңірде  36 ауыл табиғи газбен қамтылған. Өткен жылы он ауылға газдың құрылысы жүріп, бүгінде үшеуі іске қосылса, қалған жетеуіне газ кіргізу бойынша құжат реттелуде.

    Табиғи газдың рахатын көріп отырған ауылдың бірі Қайнар.  Басшылар мен журналистер осы ауылдағы  сыйлы кісі Әбдіқадыр Құдабаевтің үйіне аялдады. Үй иесінің анасы Мәуегүл 103 жаста екен. Өмір бойы отын тасып, көмір жаққан әженің ендігі ұрпағы көгілдір отынның рахатын көрмек.

    Ауыл  әкімі Болысбек Ешімбетовтың айтуынша, аталмыш  ауылдағы 290 үйде 1500-нан аса тұрғын тұрады. Алатау ауылдық округінде он елді мекен болса, жетеуі көгілдір отынмен 2011-2013 жылдарға дейін қамтылыпты. Биыл жалпы Қайнар, Нысанбек, Жаңатұрмыс деген үш елді мекенде газ құбырының құрылысы жүрген.

    Мамандардың мәліметінше аудан көлеміндегі газбен қамту жұмысы 87 пайызды құрап отыр. Енді жеті ауылға деген қаржы қарастырылса  2020 жылдың соңына аудан жүз пайыз табиғи газбен қамтылады деп күтілуде.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды