Елордада Comi com фестивалін дәстүрлі түрде өткізу қажет – Бақыт Сұлтанов

e19005c3bd3aa9c387d7533953e6a68f.jpg

«Таңертеңнен бастап елордамызда ауызша есептеу бағдарламасы бойынша Еуразиялық Зияткерлік Олимпиадасы өткізілді. 9 елден жиналған 939 бала алты минутта әрқайсысы он қиын математикалық матрицаны ойша есептеп, әлемдік рекорд орнатты. Одан кейін, Қазақ елі алаңында сегіз мыңнан аса колледж бен мектеп оқушылары музыкалық оркестрлер мен ансамбльдердің ауқымды шеруіне қатысты», - деді елорда әкімі Бақыт Сұлтанов.

Оның айтуынша, республикалық «Жұлдызай» фестивалі мыңдаған баланың көңілін көтеріп, ата-аналардың жүрегін елжіретті.

«Nur-Sultan Ethno Fest» ірі этномәдени мерекесін тамашалауға келген тұрғындар мен қала қонақтарының саны одан да көп. Олар үшін атта отырып садақ атудан 15 елден келген садақшылардың қатысуымен l «Алтын жебе» әлем чемпионаты өтеді. Аталған төрт шарада ең алдымен, мүмкіндігі шектеулі балаларды белсенді қатыстыруға тырыстық. Олар басқалармен теңдей өнерлерін көрсетіп, баршамызды тәнті етті. Инклюзия біздің басты бағытымыз болуы тиіс. Өйткені ашық аспан, Отанымыз, елордамыз бәрімізге ортақ. Сондықтан жасалып отырған жағдай да барлығымызға бірдей болуы қажет», - деді қала әкімі.

Түркістан облысы ұйымдастырған жәрмеңкеге 15 мыңнан астам адам келді. Базардағыдан 15% арзан әрі пайдалы көкөніс, жеміс-жидектер жаздың алғашқы күнінде тұрғындарымызға жақсы сыйлық болды. Қаладағы барлық саябақтар мен қоғамдық орындарда балалардың қатысуымен түрлі фестивальдер мен шығармашылық концерттер өтуде. Бүлдіршіндер үшін өтіп жатқан іс-шаралар мен қоғамдық көлікте жүру тегін.

«Одан басқа, мені ерекше таң қылдырған Comi com фестивалі болды. Оның жастар арасындағы танымалдығын осы уақытқа дейін білмеппін. Әкімдік пен ЭКСПО Ұлттық компаниясы қолдаған шараны көруге бір жарым күнде 25 мың адам (мектепке бармайтын бүлдіршіндерді санамағанда) келді. Ал, біз 3 күнде барлығы 25-28 мың азамат келеді деп жоспарлаған едік. Дәл осындай қызығушылық болса, Нұр-Сұлтанда осындай фестивальді дәстүрлі түрде өткізу қажет деп ойлаймын», - деді Б.Сұлтанов.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм. Креатив. Тың идеялар
  • «Бизнес-бастау» - үлкен мүмкіндік
  • «Бизнес-бастау» аясында грант ұтып алды
  • «Шымкент-Цирк» - туристерді тартуда рөлі зор
  • «Shymqala»-қонақжай Шымкенттің мақтанышы