«Ағалық болашақ» арнасының блогеріне қатысты ақпарат

Аталған әлеуметтік желі қолданушысы Түркістан қаласы прокурорының қызметтік көлігінің жүргізушісі А. Қанатшаев атты азаматқа жала жауып, жалған айып таққан. 2019 жылдың 15 наурызында азамат А. Қанатшаев Түркістан қалалық сотына шағымданып, А. Балхажаевтың үстінен                                 ҚР Қылмыстық Кодексінің 130 бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда аталған іс қалалық сот өндірісінде қаралуда. 

Осы орайда айыпталушы А. Балхажаевтың туыстары қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мақсатында, «Youtube» әлеуметтік желісі арқылы сот төрелігіне қысым жасау және халық арасында кері пікір туғызу үшін түрлі провокациялық видеолар таратуын қояр емес. Оған дәлел, А. Балхажаевтың туған ағасы Е. Ерқожа Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы бойында орналасққан мамандандырылған сот алдында бейнежазба түсіріп, 2019 жылдың 2 мамырында «Ағалық болашақ» арнасына жүктеді. Сол себепті жәбірленуші тарап айыпталушы тараптың жауапкершіліктен сытылып кетуінен қауіптеніп, екінші рет шағым түсірген. 

Сондай-ақ, Шымкент қаласы, Абай ауданы прокуратурасының прокуроры Ғ. Алекешев пен Шымкент қаласы Абай ІІБ-ның тергеушісі                          Н. Әріпбаев «Ағалық болашақ» арнасының авторы А. Балхажаев пен азамат                Э. Нашурованың үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 130 бабы 1,2,3-бөліктері бойынша жеке айыптау шағымын түсірген. Оған себеп тергеуші                                        Н. Әріпбаевтың өндірісіндегі ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабы 3-бөлігімен күдікті ретінде танылған азамат Э. Нашурова «Youtube» әлеуметтік желісіндегі «Ағалық болашақ» арнасының иесі А. Балхажаевқа жоғарыда есімдері аталған (Н. Әріпбаев, Ғ. Әлекешов) тергеуші мен прокурордың 1 500 000 тг ақша бопсалағаны туралы айтып, аталған материал «Полицейский беспредел» деген атаумен желіде жарияланған болатын. «Жала жауып, ар-намысымызға тиді» деген Н. Әріпбаев, Ғ. Әлекешов 2019 жылдың                                      4 мамырында Түркістан қалалық сотына шағым түсіріп, өздеріне қатысты орын алған қылмыс дерегін ҚР Қылмыстық Кодексінің 411 бабы 2-бөліміне тіркеп, А. Балхажаевқа қатысты Түркістан облыстық ІІД өндірісіндегі іске біріктіріп шешім қабылдауды сұраған.  

Қазіргі таңда азамат А. Балхажаевтың ісі ІІД өндірісінде қарауда.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды