Мамыр айының басында WhatsApp-та бала ұрлау және Талдықорған сыртындағы көпірлердің бірінде оқушы баланың мәйіті табылғаны туралы аудиохабар тараған болатын. Қолдан-қолға тез тараған ақпарат облыс орталығы мен сол маңайдағы ауылдарда дүрбелең туғызды. Тексеру жүргізген полиция ақпараттың жалған екенін анықтады.
– Талдықорғанның жанындағы көпірлер Көксу және Ескелді аудандарының аумағында орналасқан. Полицейлер ол жерлерді тексеріп, ақпаратты жоққа шығарды. Көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді, – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Полиция WhatsApp-тағы ондаған топтарды тексеріп, 50-ден астам адамнан сұрастыра келе екі күдіктінің ізіне түсті – жастағы ер адам мен 52 жастағы әйел адам. Олар полицияға жеткізілді.
– Ұсталған екі кісі Талдықорған тұрғындары, бірі-бірі танымайды. Әйел адам қаладағы базарлардың біріне сатушы, ер адам жеке көлігімен жолаушы таситын таксист. Екеуі де WhatsApp-тағы топтарда жалған ақпарат таратқанын мойындап отыр. Күдіктілер азаматтардан кешірім сұрады, – деп атап өтті полиция.
Қылмыстық іс бойынша тергеу әлі жалғасуда. Күдіктілер іс бойынша шақырғанда келуге міндеттелді.