Патриоттық сайыста 30 жылдық тарихы бар ауыл клубы жеңімпаз атанды

29ff47079717a210a4b2372b0f0519aa.jpeg

Отан қорғаушылар күні қарсаңында тұңғыш рет ұйымдастырылған байқауға Қостанай қаласындағы жоғары және арнайы орта оқу орындарының студенттері мен Жітіқара, Әулиекөл, Қостанай аудандарының командалары қатысты.

«Биыл Жастар жылы екені белгілі. Осыған орай, патриоттық шараларымызға жас буын өкілдерін жиі шақырып, оларды отаншылдық рухта тәрбиелеуді мақсат етіп отырмыз. Әскери салада сарбаздардың тек қару ұстауға ғана емес, өнерін де көрсетуге мүмкіндік бар екеніне осы іс-шарамыз дәлел. Міне, бүгінге жарыста біздің бөлімнен үш команда бақ сынауда», – деді 66 97 әскери бөлімінің командир орынбасары Бауыржан Шораев.


Байқаудың шарты бойынша командалар әуелі патриоттық тақырыпта ән айтудан сайысса, екінші, үшінші кезеңдерде би билеп, өздері шығарған өлеңдерін оқыды.

Сайысқа түскен 11 команданың арасынан Қостанай ауданының Владимиров ауылынан келген «Олимп» әскери-патриоттық клубы жеңімпаз атанды. Топ құрамында республикалық «Бала дауысы-2018» байқауының жеңімпазы Болатхан Исатай өнер көрсетті.

Айта кетейік, аталмыш клубтың құрылғанына биыл 31 жыл толды. Осынша уақытта 2 мыңнан астам қыз-жігіт әскери тәрбиенің әліппесін үйреніп шыққан.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды