С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша ХІ пәндік олимпиада өтіп жатыр.
Дүбірлі доданың салтанатты ашылуы универститеттің ректоры Г.Ахметованың сөзімен басталды. Артынша, университеттің өнерлі жастары концерттік бағдарлама ұсынып, келген қонақтарға тамаша көңіл-күй сыйлады. Республиканың әр түпкірінен келген 17 ЖОО, 2-4 курс студенттері өзара бақ сынасты. Атап айтатын болсақ, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, С.Торайғыров атындағы ПМУ, Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Сүлейман Демирел атындағы университет және т.б.
Командаларды бағалауға Павлодар қаласының БАҚ өкілдері төрелік етті. Байқауға қатысушылар олимпиаданың алғашқы кезеңінде команданы таныстырса, екінші кезеңде эссе жазады. Студенттер өңір бойынша экскурсияға шығып, қала тынысымен танысты.
16 сәуір күні олимпиаданың нәтижесі жаряланып, ресми түрде жабылу салтанаты өтеді.
АЙКЕН ЖАҚЫП