​ Түркістан – көркем және анимациялық фильмдердің орталығы

83cb44ac-9f2f-47a5-9be2-d3745204daef.jpg

Елбасы бағдарламалық мақаласында туған жерге деген құрмет пен патриотизмді жастар санасына сіңіру үшін  анимация, кино саласына да мән беру керектігін айтты. Бұл ретте Түркістан облысы өзге өңірлерден оқ бойы озып тұр деуге негіз бар. Себебі бір жыл ішінде өңір режиссерлері ұлттың рухани байлығына айналатын туындылар түсіріп, ел ықыласына ие болды.

Алдымен «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» арнайы жобасы бойынша Түркістан облысынан 24 нысан республикалық тізімге енгізілді. 60-тан астам тарихи-мәдени ескерткіштер облыстық маңызы бар қасиетті орындар тізіміне кірді.

Облыстағы киелі орындарды ретке келтіру, дамыту үшін 2018 жылы демеушілер тарапынан құны 208,4 млн.  теңгеге жұмыстар, шаралар атқарылды.

        Атап айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағын және Күлтөбе қалашығын қалпына келтіру,  Укаша  Ата кесенесіне баратын автокөлік жолы, автотұрақ және орындықтар, Аппақ Ишан мешітінің шатырына  күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды.    

ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы ескерткіштері» аталымы бойынша әлемдік мәдени мұралар тізіміне енген  ортағасырлық 8 ескерткіш (Сауран қалашығы, Түркістан, Сидақ, Қараспан, Жуантөбе, Күлтөбе, Отырар оазисінің ескерткіштері, Бөржар қорғаны) туралы тұңғыш рет деректі фильмдер түсірілді.

Тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында түсірілген «Көне жетігеннің сыры» атты  10 сериялы телехикая, «Киелі Қазығұрт»,  «Отырарды қорғау», «Күш атасы – Қажымұқан», «Бәйдібек би», атты тарихи-анимациялық фильмдер әзірленіп, республикалық телеарналардан көрсетілді.

        Одан бөлек, «Түркістан», «Оқсыз», «Ордабасы-бірлік туы»  анимациялық фильмдері мен 10 сериялы «Төле би» телесериалының түсірілімі аяқталды.

a2ba53c5-297b-4a08-8d54-95314f56eb28.jpg

        Сонымен қатар Отырар қалашығын туристік нысанға айналдыру мақсатында қалашық қақпасын қайта құру, іргелес аумағын абаттандыру, көгалдандыру жобасы, Визит-орталығының құрылысы да басталды.

    2018 жылы «Киелі Түркістан және түркі дүниесінің рухани жаңғыруы» атты ғылыми-теориялық халықаралық конференциясы өткізілді.

Облыстағы айрықша маңызы бар тарихи-мәдени және археология ескерткіштерінің фотоальбомы  және «Оңтүстіктің қасиетті орындары: аңыз-әпсаналар» жинағы жарық көрді.

        Сонымен қатар Түркістан облысы ақын жазушыларының таңдамалы 10 кітабы шығарылды. Бұл жинақта республикаға және облысқа белгілі 22 қаламгердің дүниелері жарық көрді.

Облыста «Жаңа гуманитарлық білім 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы бойынша   мемлекеттік тілге аударылған 18 оқулықты таныстыру шаралары өтті. Оған облыстағы жоғары оқу орны басшылары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» арнайы жобасы бойынша 2018 жылы облыс өнерпаздары мен мәдениет қайраткерлері әлемнің 10 мемлекетінде өнер көрсетті. Байқаулар мен фестивальдерге қатысты.

«Мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшуі» арнайы жобасын жүзеге асыру мақсатында бүгінгі таңда облыста  мыңнан астам іс-шара өткізілді. Шет елдерден келген жазушылар, зиялы қауым өкілдері, түркітанушы ғалымдарының қатысуымен семинарлар мен ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді.

2017 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» арнайы жобасына енгізілген мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, айтыскер ақын Б. Шойбеков, жеке кәсіпкер С.Ертаев, Қ.Орынбасар,  Э.Велк, Ә.Дәлиевалармен кездесулер өткізілді.

7b0658c4-bc4d-4cc4-9227-10e5f3d13fcb.jpg

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы іс-шараларды Түркі елдері арасында кеңінен насихаттау мақсатында «TÚRKISTAN MEDIA»халықаралық орталығы ашылып, жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, медиа орталықтың базасында «TÚRKІSTAN» интеллектуалды клубы ашылып, Бағдарлама аясында республикаға танымал тұлғалармен қызықты сұхбаттар ұйымдастырылуда.

Облыс орталығы Түркістанға көшірілген соң облыстық «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесі Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің базасында орналасты. Тиісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бүгінде облыстағы 16 аудан, қалада Жобалық кеңселер толығымен құрылып, жұмыс атқарып келеді.

Игі істерге жұмыла кететін Түркістан жұртшылығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының екі жылдығын осындай табыстармен қарсы алды. Алда да атқарылар жұмыс көп және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге деген құлшыныс өте жоғары. Жаңа дәуірі басталған Түркістан әлі талай бастамалардың ордасына айналатыны сөзсіз.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды