«Петропавл» шекара отрядының «Мамлютка» теміржол көліктерін тексеру бөлімшесінің шекара наряды Петропавловск теміржол бекетінде тоқтап тұрған «Анапа-Красноярск» бағытындағы №130 пойызға арақ-шарап тиеліп жатқан сәттің үстінен түсті. Ешқандай құжатсыз, 457 712 теңгеге бағаланып тиеліп жатқан 110 шөлмек (220 литр) шараптың, 30 шөлмек (60 л) коньяктың, 78 шөлмек (156 литр) арақтың, 28 шөлмек (56 литр) мускат шарабының, 14 шөлмек (28 литр) алма шарабының барлығы қолдан жасалғандығы анықталды», - делінген таратылған ақпаратта.
Сондай-ақ, ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәл сол жерден пойыз бастығы, 1972 жылы туған Ресей азаматы ұсталды. Қолдан жасалған арақ-шарап актіленіп Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды.