Әйелдің сөзінше, оқиға 22 наурыз күні орын алған.
«Киев әуежайында көз алыдмызда қайғылы жайт орын алды. Кішкентай қыз шашалып, қырылдап еденге құлап түсті. Бірден адамдар үймелеп кетті, біреулер қоңырау шалып жатты, енді бірі әуежай қызметкерлерін көмекке шақыруға ұмтылды, ал қыздың жағдайы барған сайын нашарлап, демала алмай қалды. Мен шарасыздықтан әрі қорқыныштан жылап жібердім, бет-ауызы көгере бастағанда бәрі біткендей көрінді... Дәрігерлер де болмады. Кенеттен бір жігіт қызға ұмтылып, еңкейіп бірдеңе істеп жатты, ештеңе көрінбеді әрі түсініксіз болды. Үймелеген халық үнсіз қалып, тыныштық орнады. Бір кезде қыз ышқынып дем алып, жөтеле бастады. Жиналған халық сол кезде барып еркін демалды, біреулер алғыс айтып жатса, тағы біреулері дауысы шыға жылап жатты. Мен де жылап жібердім. Бұл өте қорқынышты әрі қуанышты жағдай болды. Көмектескен жігітке келіп оны құшақтадым, ол да жылап тұрған еді. Қолдары дірілдеп, үлкен шок алғаны көрініп тұрды" - деп жазады куәгер.
Сонымен қатар әлеуметтік желі қолданушысы жас жігіттің шымкенттік екенін де жазды.
«Рахмет, рахмет сізге,-деп қайталай бердім мен. – Сен кімсің, қайдан боласың?» «Мен Кудиенко Алексеймін, Шымкенттен боламын»,-деді ол. Біздің жерде қандай адамдар тұратынын бәрі білсе деймін. Мен үшін ол нағыз ер! Ол шын жүректен, батылдықпен әрекет етіп адам өмірін сақтап қалды. Біраз уақыт өткен соң дәрігерлер келді. Ол кезде қыздың өмірі қауіптен арылған еді. Рахмет саған жақсы адам! Қатты құшақтадым сені. Шымкенттіктер, сендердің қалаларыңда нағыз қаһарман тұрады. Егер оны танысаңыздар міндетті түрде қолын алыңыздар!" - деп жазды М.Бакиева.