ЕЛОРДАНЫҢ "НҰР-СҰЛТАН" АТАЛУЫНА ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ҚЫЗУ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

3752da0f-99c4-440b-93b1-bd88222b95e5.jpg

Түркістан қаласында Астананың "Нұр-Сұлтан"  деп өзгеруіне байланысты мерекелік кеш өтті. Есім хан алаңына жиналған 10 мыңдай  көрермен елімізге белгілі эстрада жұлдыздары –  "ЖІГІТТЕР" квартеті мен ЕРНАР АЙДАР, ДИМА мен ДАНА және АЙНҰР НҰРАШЕВА , НҰРЖАН ЖҮСІПБЕКОВ сынды жергілікті өнерпаздардың  концерттік бағдарламасын тамашалады.

Эстрада жұлдыздары әннен шашу шашып, жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.  Кешке жиналған көпшілік қауым елорданың аты  өзгергеніне, Елбасының есімі ұлықталғанына  ризашылықтарын білдірді.

Облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы Ұлы даланың кіндігінде орналасқан, Елбасының бастамасымен салынған Астанаға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін беріп, тарихи тұлға мәртебесін асқақтатқан тарихи шешімді Түркістан облысының халқы да қолдайтынын жеткізді.

9e74c2ce-476f-4ddf-91d1-c64028358a44.jpg

Сондай-ақ айтыскер ақын, республикалық, халықаралық ақындар айтысының жүлдегері, «Дарын» жастар сыйлығының иегері  Біржан Байтуов та өлеңмен өрілген құттықтауын жолдады.

"Іргесі бекіп, абыройы асқақтаған Қазақ елінің өз  көшбасшысын  ұлықтап, ерен еңбегін бағалағаны  аңғарылады. Барша түркістандықтарды тарихи шешім, тарихи күнмен құттықтаймын!",-деді Біржан Байтуов.

f099e741-3033-4ed1-83ac-09b1a0ba503c.jpg

Ән кешіне жиылған жұртшылық "Еліміз аман болсын! Азат еліміз мәңгі жасасын! "  деп тарқасты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды