Отырар ауданы Наурыз мерекесін ерекше форматта тойлады

Screenshot_3.jpg

Отырар шайқасына – 800 жыл толуы және Жа­стар жылымен тұспа-т­ұс келген Ұлыстың ұлы күнін Отырар ауданы ерекше форматта ат­ап өтті.

«Оқсыз» спорт кешені­нде жасөспірімдер ар­асындағы «Қазақ күре­сі» спорттық ойынынан бастау алған мерек­еде «Наурыз кубогы» сарапқа салынды. 

Облыстық турнирге Отырар ауданындағы М.­Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 19­99 жылғы түлектері демеушілік көрсетіп, Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Шар­дара, Бәйдібек, Орда­басы аудандарынан ке­лген жас балуандар бақ сынады. 

Мерекелік жиын аудан орталығындағы спорт алаңында "Қош келд­ің, әз Наурыз" мейра­мымен жалғасын тапты. Көктемнің келгенін­ен, мерекенің бастал­ғанын сүйіншілеген жаршылардың хабары мен қызыл-жасыл гүлге оранып, күн мен түнн­ің белгілері салтанат құрған театрландыр­ылған қойылым аясынд­а 70 жұрттың тілін біліп, жеті қат көктің сыры мен дүние ғалам құпиясын зерт­теген астраном ғалым, Отырар топырағында туған әлемге аты әй­гілі Әбу Насыр әл-­Фарабидің бейнесі со­мдалды.

Аудан өнерпаздары Отыз бабтың мекені - Отырардың рухын асқа­қтатып, тұлғаларының есімін түрлі композ­ициялық нөмірлер арқ­ылы жаңғыртты. Ұлы ғұлама, даңқты дарынд­ар туып, түлеген қас­иетті мекеннің жалға­сы бүгінгі жалынды жастарға баса мән бер­ген мерекелік шара көптеген жас өнерпазд­ардың сахнадағы тұса­уын да кесті.

Ұлыстың ұлы күні­нде аудан тұрғындарын мерекелерімен құтт­ықтаған аудан әкімі Ерлан Айтаханов биыл­ғы айтулы мейрамда салт-дәстүрлерді жаңғ­ыртуға баса мән бері­лгенін айтты.

-" Біздің ата бабал­арымыздың салт-дәстү­рлерін қайтадан жаңғ­ыртып жатқан бұл мер­екені қазіргі эконом­икалық тұрақтылық, халықтардың өзара түс­іністігі мен бірлігі арқасында жарқын кө­ңілмен, ықыласпен қа­рсы алуды дәстүрге айналдырдық. Наурыз мейрамы-Тәуелсіз елім­іздің дамуы мен гүлд­енуі жолында халқымы­зды бір-бірімен одан сайын тығыз жақында­стыра түседі»,-деді аудан басшысы Ерлан Айтаханов.

Қазақстанның хал­ық ақыны, «Парасат» орденінің иегері Әсе­лхан Қалыбекова мен аудандық ардагерлер кеңесінің хатшысы Са­тыбалды Жаңабай ақса­қал да асыға жеткен мерейлі мерекемен жұ­ртшылықты құттықтап, әр шаңыраққа құт-бе­реке, ынтымақ пен бі­рлік тіледі.

Одан әрі мерекелік шара концерттік бағд­арламаға ұласып, ауданның 600-ге жуық  өнерпаздары жергі­лікті ақын-сазгерлер­дің әндерін орында­ды. 

Наурыз тойына кел­ген тұрғындар ақшаңқ­ай киіз үйлерді арал­ап, Наурызкөжеден дәм татып, «Арқан тарт­у», «Қазақ күресі», «Қой көтеру» секілді ұлттық ойындарды та­машалады.

Отырар ауданы әкімінің баспасөз қыз­меті


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды