«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы ақпанда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,5%-ға жоғарылады», - делінген комитет мәліметінде.
Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі - 20,5%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 16,4%, жемістер мен көкөністерді - 8,4%, нан және жарма өнімдерін - 7,5%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,2%-ды құрады.