Чехия астанасы Прагада өткен UFC Fight Nights 145 турнирінде Ысмағұловтың қарсыласы испаниялық Хоэль Альварес болды. Үш раундтық кездесудің қорытындысы бойынша қазақстандық файтер төрешілердің бірауызден шығарған шешімімен жеңіске жетті.
«Ысмағұлов журналистерге сұхбат бермеді. Оны дереу ауруханаға алып кетті. Ол қолын сындырып алғаны туралы айтылуда. UFC ұйымының өкілдері спортшының медициналық жағдайы туралы пікір білдіруден бас тартты», - деп жазды бразилиялық SporTV арнасының журналисі Хелена Ребелло Twitter желісіндегі парақшасында.
Айта кетейік, Ысмағұлов UFC ұйымында бірінші рет 1 желтоқсанда Аустралияның Аделаида қаласында жекпе-жекке шығып, алаң иесі Алекс Горджесті төрешілер шешімімен жеңген болатын. Осылайша ол UFC турнирінде жеңіске жеткен бірінші қазақ атанды.