Сенатор театр әртістерінің жалақысын өсіріп, оларды баспанамен қамтуды ұсынды

9e095ca64e9114cf49d67e7366a07fc6.jpg

«Депутаттық сауал жолдауға театрларда қызмет атқарып жүрген жас әртістеріміздің жағдайы себеп болып отыр. Бүгінгі күні Қазақстанда 68 театр, оның ішінде 52 мемлекеттік және 16 жекеменшік театр жұмыс жасайды. Республикамыздың 52 мемлекеттік театрында 7533 адам, оның ішінде 1538 жас маман қызмет істейді, яғни жастар – барлық қызметкерлердің 20 пайызы. Мәдениет саласы мамандарымен, соның ішінде театр қызметкерлерімен кездесу барысында үнемі көтеріліп жүрген бірқатар мәселеге тоқталғымыз келіп отыр. Олардың бірі – еңбекақы», - деді Төреғалиев Үкімет басшысына жолдаған сауалында.

Сенатордың айтуынша, Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметіне сәйкес, театрда қызмет істеп жүрген жас әртістердің шығармашылық құрамы үшін орташа лауазымдық айлық жалақы – 59 мың теңгеден 76 мың теңгеге дейін, ал техникалық құрам үшін - 43 мың теңгеден 49 мың теңгеге дейін, бұл қосымша төлемақыны қоса есептегенде. Ал қолдарына тиетін еңбекақы одан да төмен.

«Тағы бір жағдай – баспана мәселесі. Республика бойынша 1538 жас әртістің 3,7% қызметтік пәтермен, 9,7 пайызы жатақханамен қамтылған. Ал 33,8% ата-аналарымен бірге тұруға, қалған 42,5% пәтерді жалға алуға мәжбүр болып отыр. «7-20-25» және «Нұрлы жер» бағдарламаларына қатысу үшін несиені төлеуге мүмкіндік беретін жеткілікті және тұрақты табыстың болмауы, тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға мүмкіндіктің жоқтығы және баспананы жалға алу мүмкіндігінің қарастырылмағаны. Аталған жағдайлар театрдағы жас мамандарды ешқандай ынталандырмайтыны анық. Керісінше олардың басқа салаларға кетуіне, әсіресе ауылдық жерлерде мамандардың жетіспеушілігіне әкеліп отыр. Біздің ойымызша, аталған жағдайдың қалыптасуына театр жұмысшыларына әлеуметтік қолдау көрсетудің бірыңғай тәртібі мен тетіктерінің жоқтығы, екіншіден, жауапты мемлекеттік органдардың тарапынан қолдаудың болмауы әсер етіп отыр», - деді Нариман Төреғалиев.

Депутат жас әртістерге Үкімет тарапынан келесі қолдаулар көрсетілуі тиіс дейді. Бірінші – сәйкес қаулыға театр әртістерінің жалақысын өсіруге қатысты өзгерістер енгізу керек. Екінші – Мемлекеттік мәдени ұйым басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес, категория алу мерзімдерін қысқарту қажет. Үшінші – «7-20-25» және «Нұрлы жер» бағдарламаларына қатысу үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан сертификаттармен қамтамасыз ететін мүмкіндік қарастыру керек. Төртінші – «Нұрлы жер» бағдарламасымен қарастырылған тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігінсіз жалға беру тетіктерін қарастыру қажет.

«Осы айтылғандарды қолдаған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға жас әртістердің еңбекақысын көтеру және тұрғын үй бағдарламаларына қатысуды қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді қарастыру жөнінде тапсырма беруіңізді сұраймыз», - деді Нариман Төреғалиев Үкімет басшысына жолдаған сауалында.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Арыстан ұстаз - шағалалы Шардарада
  • Әйгілі имам жастарды имандылыққа шақырды
  • Киелі шаһарда мейрамхана бизнесі өркендеп келеді
  • Түркістан мейрамханаларының жұмысы қарқынды
  • Түркістанда ұлттық тағамдар орталығының жұмысы қарқынды