Банкнот әйгілі шығыс ғұламасы Ұлықбектің (1394-1449) құрметіне және оның астрономия іліміндегі жетістігіне арналған.
Ақшаның көлемі 144×78 миллиметр. Оның оң жақ бетіне Ұлықбектің естелігінің суреті басылған. Ал сол жақ жоғарғы бөлігінде тұтынушылар үшін арнайы белгі қойылған.
15 ақпан күні елдегі Орталық банк аталған ақшаны Өзбекстан Парламенті бекіткенін хабарлаған болатын.
Көлемді сома бекітілген банкнот қазіргі айналымдағы қаржылық бірліктерге ыңғайлылық пен ұлттық валютаны оптимизациялау мақсатында жасалғаны айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Өзбекстан екі рет ұлттық валютасына девальвация жасаған болатын. Ал өткен жылы 1 АҚШ доллары 8100 сомға тең болса, Өзбекстан Орталық банкінің 18 ақпан күнгі мәліметіне сәйкес, 1 доллар 8395 сомға жеткен.