Балалар ауруханасының есепшісі мемлекеттің 116 млн теңгесін құмар ойынға салған

image.png

 Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасының есепшісі мемлекеттің 116 млн теңгесін құмар ойынға салып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тергеуді жүргізген Жетісу облыстық экономикалық тергеу департаменті есепшінің бюджет қаражатын бір жылдан аса уақыт көлемінде құмар ойынға жұмсап келгенін мәлімдеді. Ол ақшаны өзінің банктік картасына аударып, арықарай букмекерлік жеке кабинетіндегі шотына салып отырған. Қазір 1995 жылғы ер адам қамауда отыр. 28 жастағы айыпталушы кінәсін толықтай мойындады.

«Балалар ауруханасының айлық жалақы жөніндегі есепшісі 2021 жылдың наурызынан 2022 жылдың тамызына дейін аурухана қызметкерлерінің жалақысына, зейнетақы жарналарына және дәрі-дәрмекке қарастырылған қаражатты жүйелі түрде банктегі есепшоты арқылы аударып алып отырғаны анықталды. Жалпы, бір жылдан аса уақыт көлемінде аударған сомасы – 116 млн теңге. Іс бойынша оның жасаған әрекеті ауыр қылмысқа жатады. 7-12 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», - деді

Жетісу облыстық экономикалық тергеу департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Аслан Бидасов.

Айта кетейік, осыдан тура үш ай бұрын Талдықорғандағы облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері бірнеше айдан бері зейнетақы, әлеуметтік және медициналық жарналардың аударылмай жатқанына шағымданған болатын. Олардың бірі мұны несие рәсімдеуге, енді бірі ауруханаға емделуге барғанда кездейсоқ біліп қалған. Денсаулық сақтау басқармасының басшылығы медицина қызметкерлеріне міндетті төлемдердің толық төленгенін жеткізді. Ал, есепшінің ісі қазір сотта қаралып жатыр.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке