Байқоңырда ақпан айында 3 кеме ұшырылады

image.png

 «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы ұшыру жұмыстары ақпан айында басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Байқоңыр ғарыш айлағында ХҒС құрамындағы «Союз МС-22» ғарыш кемесіндегі 2022 жылғы 15 желтоқсандағы штаттан тыс жағдайға байланысты 2023 жылғы соңғы ұшыру жоспары өзгертілген еді.

«Қазіргі уақытта Қазақстан тарапы ұшырудың жылдық жоспарын бекітті және ұшыру бағдарламасы ақпан айында басталады», - деп мәлімдеді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті.

Электро-Л ғарыш аппаратымен «Протон-М» зымыран тасымалдағышын ұшыру ақпан айының басына жоспарланған. С. А. Лавочкин атындағы ғылыми-өндірістік бірлестікте әзірленген «Электро-Л» геостационарлық ғарыш аппараты 2022 жылғы 27 желтоқсанда Байқоңыр ғарыш айлағына жеткізілді.

Ұшыру жоспарында жарияланған «Союз-2.1 а» зымыран тасымалдағышының «Прогресс МС-22» көліктік жүк кемесімен ұшырылуы ақпан айының бірінші онкүндігіне белгіленген.

Сондай-ақ «Союз МС-23» көліктік басқарылатын кемесі бар «Союз-2.1 а» зымыран тасымалдағышы 2023 жылғы 20 ақпанда Халықаралық ғарыш станциясына жіберіледі.


Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке