Тарихымен сусындап өскен бүгінгі бала - ертеңгі ел болашағы

Screenshot_9.jpg

Биыл жаңа жыл қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды "Балалар жылы", деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік, мәдени, рухани  салада қолдау бағытында нақты шараларды қолға алу керектігіне тоқталған болатын. 

Осы мерекелі жылға орай Ордабасы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Ұлт рухының ұстыны- Ордабасы" атты көшпелі тарихи экскурсия ұйымдастырылды.

Өткен тарихымыздан сыр шертетін іс-шара аудандық Мәдениет үйі ғимаратының алдында салтанатты түрде басталып, аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл мән-маңызы зор жиынды ашып,  тарихи экскурсияға сәттілік тіледі. 

Іс-шараға ауданымыздың Білім бөліміне қарасты Қ.Бектаев атындағы жалпы орта мектебі жанындағы интернат оқушылары, Амангелді, Н.Оразбаев және Темірлан жалпы орта мектеп оқушыларын қамтыған, 100-ден астам мектеп оқушылары қатысты. 

Аудандық Білім бөлімі тарапынан дайындалған 3 автобусқа мінген жасөспірімдер үш жүздің басы қосылған Ордабасы тауына, Қарауыл төбеге, Аққойлыдағы Ақмешіт тарихи сәулеттік ғимаратына, ондағы мұражайға саяхат жасады. 

Сондай-ақ, бүлдіршіндер аудандық Мәдениет үйі ұсынған театрландырылған қойылым мен рухты  әндерді тамашалады.

Аталған экскурсия барысында балалардың қауіпсіздігі үшін полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері қызмет көрсетті. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Тарихымен сусындап өскен бүгінгі бала - ертеңгі ел болашағы
  • Кәрім Мәсімовтың тағы бір бұрынғы орынбасары қамауға алынды
  • Ердоған Тоқаевқа шынайы алғыс айтты
  • Мемлекет басшысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің жақындарына көңіл айтты
  • Назарбаевқа ешкім тиісе алмайды