Назарбаевқа ешкім тиісе алмайды

Кеше, 19 қаңтарда мәжіліс депутаттары 2020 жылы қабылданған “Ұлт көшбасшысы туралы заңға” түзетулер енгізді. Осылайша Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығынан айырылды. Алайда заңның басқа тармақтары өзгертілмеді, яғни елдің Тұңғыш президенті мен оның отбасы мүшелеріне қол тигізбеу құқығы әлі де сақталады.

Screenshot_2.jpg

Заң бойынша Нұрсұлтан Назарбаевқа ешкімнің тиісуіне болмайды. Ол өзі Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттіктерін орындау кезеңінде жасаған, ал бұлар тоқтатылғаннан кейін Елбасы өз мәртебесін жүзеге асыруға байланысты әрекеттері үшін жауаптылыққа тартылмайды.

Оны ұстап алуға, қамаққа алуға және күзетпен ұстауға, тінтуге, одан жауап алуға не жеке басын жете тексеруге болмайды.

Сонымен қатар Назарбаевқа және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жеке меншік құқығындағы барлық мүлікке қол сұғылмайды.

Тиіспеушілік Тұңғыш президент және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі барлық мүлікке, сондай-ақ олар пайдаланатын тұрғын және қызметтік үй-жайларға, қызметтік көлікке, байланыс құралдарына, жазысқан хаттарына, оларға тиесілі құжаттарға қолданылады. Тиіспеушілік Елбасының қорына және ол құратын өзге де заңды тұлғаларға тиесілі мүлікке де қолданылады.

Назарбаевқа және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне жеке меншік құқығымен тиесілі мүлікке, сондай-ақ ол құратын заңды тұлғалардың мүлкіне қандай да бір шектеулер қойылмайды. Елбасының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің банктік шоттарының банктік құпиялығына және оларға тиіспеушілікке кепілдік беріледі.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев парламент пен оның палаталарының алдында, үкімет отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеуге құқылы. 

Сонымен қатар Елбасы Конституциялық кеңес құрамына кіре алады.

Тиісті өзгерістер "Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы" туралы Конституциялық заңға енгізілді. Заң сенаттың қарауында жатыр. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке