Жаппай тәртіпсіздік кезінде Атырауда 50-ге жуық адам жарақат алған

Screenshot_27.jpg

Оның 36-сы құқық қорғау саласының қызметкерлері. 1 адам көз жұмды. Облыс және Мақат ауданының әкімдігіне шабуыл жасалған, деп хабарлады Хабар 24 арнасы.

Ал Құрманғазы, Индер, Жылыой аудандарында халықаралық, республикалық маңызы бар жолдар жабылған еді. Бірнеше күн көлік қатынасы тоқтады. Бірақ дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде жағдайды уақытында қалыпқа келтіруге мүмкіндік туды. Қазір қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда. 

Облысымызда бейберекетсіздік іс-әрекеттері дер кезінде тоқтатылды. Дегенмен қауіп толық сейілген жоқ. Өңірдің күштік құрылымдары да күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Бұл азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау, сондай-ақ қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жасалған қадам. Президенттің тапсырмасына сай өңірдің экономикалық әрі стратегиялық маңызы бар ірі өнеркәсіп орындарына әскери күзет қойылуда - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке