Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
Жиынға Президент Әкімшілігі мен өзге де жауапты органдардың өкілдері қатысатыны айтылған.
Ертең, 5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерінің, Президент Әкімшілігі қызметкерлерінің және басқа да жауапты органдар өкілдерінің қатысумен еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді,-делінген жазбада.