Бүлікшілерге қарсы неліктен оқ атылмағаны белгілі болды

Алматы қаласының полиция департаменті басшысы Қанат Таймерденов бүлікшілерге қарсы алғашында не себепті оқ атуға рұқсат етілмегенін түсіндірді.

Screenshot_3.jpg

Оның айтуынша, лаңкестер қару иелену мақсатында арнайы дүкендерге, ПД шабуыл жасаған. 

"Лаңкестердің басқа топтары бір уақытта қару-жарақ дүкендерін басып алды, олар ол жерден қару-жарақ пен оқ-дәрілерді иемденді. Барлығы 1347 қару ұрланған, оның ішінде – 501 мылтық, 807 тегіс ұңғылы және 39 газ-травматикалық қару. Осының барлығы нақты ұйымдастырылған, олардың іс-әрекетін топ жетекшілері үйлестірді”, – дейді ол.

Бұған қоса Таймерденов неліктен алғашқы күндерге наразы топқа қарсы оқ атылмағанын түсіндірді. 

“Түскі уақытта кем дегенде 10 мың адамнан тұратын шабуылдаушылардың негізгі колоннасы басып алынған коммуналдық көліктердің көмегімен қоршауды бұзып өтіп, қала әкімдігін басып алуға әрекеттенді. Оларға әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқ атпаған себебі – үлкен адам шығынын болдырмау”, – деп қосты Таймерденов. 

Еске салсақ, бұған дейін Бас прокуратура Қазақстанда болған жаппай тәртіпсіздіктерге 50 мыңнан астам адам қатысқанын жариялаған болатын. Елдегі бүлік салдарынан 225 адам көз жұмған. 

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Науқастардың шағымын жерде қалдырмайды
  • Аппақ Ишан мешіті
  • Ақмешіт үңгірі
  • Бәйдібек би кесенесі
  • Тұттыбұлақ үңгірі