Ақын, «Тәлім» телеарнасының (бұрынғы «Асыл арна» – авт.) директоры Мұхамеджан Тазабек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қаһарман тұлға деп, оны «үйдің еркегіне» теңеді. Мұндай ойын ол өзінің Facebook-парақшасында жазған.
Ол өзінің Нұр-Сұлтан қаласына барғанын, онда боранды болса да жаймашуақ сезілетінін айта келе, Қасым-Жомарт Тоқаевты ерекше мақтай жөнелді.
«Үйде еркек болса, бала-шаға қорықпай ұйықтайтыны секілді, Нұр-Сұлтан төрінде қаһарман тұлға - Қасым Жомарт ағамыз бар екені ойға түскенде біртүрлі көңілің жайланады. Алла ісіне береке беріп, қадамын нық қылсын», - деп жазды М.Тазабек.