Тоқаев банктен кредит алғандарға қатысты заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екінші деңгейлі банктердің кепілдік саясатына қатысты заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайтының баспасөз қызметі хабарлады.

Screenshot_20.jpg

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейлі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды" делінген хабарламада.

Заң жобасының негізгі бағыттары:

борышкерге кепілге қойылған мүлікті өз бетінше сатуына мүмкіндік беру;

кей жағдайларда кепіл берушіге кепіл нысанасын ауыстыруға мүмкіндік беру;

пайдакүнемдік мақсаттардың туындауын болдырмау үшін кепіл ұстаушының және онымен аффилирленген тұлғалардың сатып алушы ретінде аукционға қатысуына тыйым салу.

Атқарушылық іс жүргізу деңгейінде борышкерге тыйым салынған жылжымайтын мүлікті өз бетінше сату құқығы беріледі. Бағасы 75 проценттен кем болмауы шарт. Аукционды өткізу тәртібіне де өзгерістер енгізілді. Бұдан бөлек, заң жобасында бағалаушылардың қызметіне қойылатын талаптар да қатаңдатылған.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың 20 қыркүйегінде Алматының Ақбұлақ шағын ауданында орналасқан жекеменшік үйдің иесі сот үкімін орындауға келген 5 адамды атып тастады. Оқиға орнында сот орындаушысы, учаскелік инспекторлар, үйдің жаңа иесі мен оның танысы көз жұмды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бес бірдей адамды атып тастаған борышкердің әрекетін ақтауға болмайтынын баса айтып, трагедияға себеп болған негізгі мәселелерді жан-жақты зерделеп, қажет болса заңға өзгеріс енгізуді тапсырған болатын.

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке