Жалынды жастар – жарқын болашақ!

Қазіргі таңда Шымкент қаласы тұрғындарының саны 1 090 200 адамға жетті. Олардың ішінде жастардың үлесі жалпы халық санының 22,2%-ын құрайды. Яғни, үшінші мегаполисте 239 986 жас бар. Шымкентте 9 жоғары және 38 арнаулы оқу орны болса, онда жалпы 113 881 студент білім алады.  

image.png

100-ден астам этнос өкілдері мекен ететін өңірімізде 17 этномәдени бірлестіктің жанынан жастар қанаттары құрылған. Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында  29 «Достық» клубы ашылып, жұмыс жасайды.  Шымкент қаласындағы  «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы   2018 жылы құрылып, бүгінде қарқынды жұмыс жасап келеді. 

«Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының негізгі мақсаты –Қазақстанда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жұмыстарына жастарды тарту болып табылады.  

Қазіргі таңда ұйымның қалалық штабына 35 жас мүшелік етеді. Олардың қатарында мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар қанаттарының, «Достық» клубтарының мүшелері, т.б. этнос жастары бар.  

Жыл басынан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мүшелерінің қатысуымен 22 іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде: 

«Жаңғыру жолы» РЖҚ өңірлік штабы мен «Jas Otan» ЖҚ Шымкент қалалық филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум түзілді.  

Жастар бастамаларына қолдау білдіру, оларды жалпымемлекеттік мақсаттар мен міндеттерге жұмылдыру, бейресми жастар көшбасшыларымен жұмыс жүргізу бағытында 16 кездесу өткізілді. 

Жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтау бағытында арнайы лекторийлер, дәрістер, семинарлар, шеберлік сабақтары, акциялар ұйымдастырылды. 

Шымкент қаласындағы ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесе «Шымкент – қауіпсіз қала!» тақырыбында орта арнаулы оқу орнының студенттері арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  

image.png

Мемлекет басшысысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру бағытында жастар арасында кездесулер ұйымдастырылды.    

Қалалық ассамблея алаңында үздік кәсіпкерлердің «Қалай табысты боламын?» тақырыбында жастарға арналған 2 бизнес шеберлік дәрістері өткізілді. 

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бастау алған «Тәуелсіздік мен үшін нені білдіреді?» жобасы аясында қалалық этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар қанатының мүшелері Т.Пак пен К.Бойко мемлекеттік тілде Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, бейнеүндеу жолдады.  

Мемлекеттік рәміздер күніне арналған республикалық #Меніңтуым патриоттық акциясы өтіп, мемлекеттік рәміздердің қасиеті мен маңыздылығы, тарихы мен авторы жөнінде кеңінен айтылды.  

Шымкент қалалық ассамблеяның тапсырысымен «Ontustik» телеарнасының эфирінен берілетін «Бірлігі бекем ел» телебағдарламасының «Бұл біздің рәміз!» (Мемлекеттік рәміздер күніне орай этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар қанаттары өкілдерінің Мемлекеттік рәміздерге көрсеткен сый-құрметі туралы) шығарылымы   дайындалып, эфирден берілді. 

Жастарды бұқаралық спортқа баулу, олардың бос уақытын тиімді пайдалануына және белсенді өмір салтын ұстануына ықпал ету мақсатында «13 Legion» ұйымы мен жастар қозғалысының волонтерлық тобы «Street-workout» көше спортынан Нұрсәт аллеясында қала тұрғындарына арнап шеберлік сағатын ұйымдастырды. 

Этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар қанаттарының өкілдері, волонтерлар жалпыхалықтық тазалық күні акциясына қатысып, қала аумағындағы көлдердің, өзендердің жағалауларында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. 

Сондай-ақ, республикалық «BizBirgemiz» акциясын қолдау мақсатында пандемия кезінде қаламыздағы қоғамдық  жұмыстарға 100-ге жуық Шымкент қаласының волонтерлары жұмылдырылып, 20 мыңға жуық бетперделер,  медициналық  қолғаптар мен  аскорбинді қышқыл дәрумендер таратылды. 

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен жастар өкілдері «Риддер, біз біргеміз!» қайырымдылық акциясын өткізіп, жиынтығы 8 тоннаны құрайтын, құны 12 млн. теңге болатын гуманитарлық көмек жөнелтті. 

image.png

Сонымен қатар, «Біз біргеміз!» донорлық қайырымдылық акциясы өткізіліп, нәтижесінде  45 ерікті жастардан 15 литрге жуық қан алынды. Жиналған қажетті қан ауыр халдегі науқастар мен онкологиялық ауруларды емдеуге бағытталды. 

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» РЖҚ  Шымкент қалалық штабының төрағасы Н.Әбдірайым мен «Достық» клубының мүшелері «Ontustik» телеарнасының «Таң нұры»,  «Zhastar LIFE» телебағдарламаларына қатысып,  жастар тарапынан өңірде атқарылып жатқан және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жөнінде сұхбат берді. 

Өскемен және Нұр-Сұлтан қалаларында ҚХА этномәдени бірлестіктер және жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен этномәдени бірлестіктерге арналған практикалық семинар-тренинг ұйымдастырылып, оларға ҚХА «Жаңғыру жолы» РЖҚ Шымкент қалалық штабының 7 өкілі қатысты. 

Атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат тұрақты түрде өңірлік БАҚ пен әлеуметтік желілерде жариялануда.   

Жалпы, қазіргі таңда «Жаңғыру жолы» қозғалысының жұмысын жандандыруға ерекше назар аударылып келеді.  

Алдағы уақытта, жастарды экономикалық, әлеуметтік саланы нығайту, елдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты, келісімді сақтау процестеріне тарту, жастар мәдениетін қалыптастыру, олардың жан-жақты дамуына, білім, зияткерлік және кәсіби-деңгейін арттыру мақсатында бірнеше жобалар жүзеге асырылатын болады.  

Сондай-ақ,  Ассамблеяның жастар бағытындағы қызметін одан әрі жетілдіру үшін «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында жастар өкілдері мен еріктілерге арналған кабинетпен және ҚХА бастамаларын іске асыру үшін коворкинг-аймақпен қамтамасыз етілуі жоспарлануда. 

image.png

Жарнама орны (6)

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында жаңа әдіспен бірегей ота жасалды
  • Түркістан облысында оталар жоғары деңгейде жасалады
  • Шетелдік мамандар облыстық аурухана жұмысын жоғары бағалады
  • Түркістанда әлемнің 350 дәрігері қатысқан конференция бас
  • Түркістан – қасиетті өлке